Read the original announcement in English

Telegram қазір 13 жаста, бірақ жаңа мүмкіндіктерді қосуды тоқтата алмаймыз:
Топтар мен арналар енді басқалар үшін чатты толтырмай, жаңа мүшеге қосымша ақпарат беру үшін сәлемдесу хатын қолдайды. Қолданушы қосылғанда, тек ол хатты көре алады.
Сәлемдесу жинағына бірнеше хат пен медиа қосуға болады. Пішімдеу бұнда да істейді. Кесте, медиа және жаңа мүшені қорқытудың басқа да құпия тәсілдері бар.
Оп-оңай! Боттар не вуду сиқыры қажет емес. Тобыңызға немесе арнаңызға сәлемдесу хатын қосу үшін оның бейінін ашып, Өңдеу → Сәлемдесу хаты тармағын таңдап, бірнеше хат жіберіңіз:
11 жыл бұрын Telegram боттары қарапайым чаттың ішінде кез келген қолданбаны жасауға мүмкіндік берді. Бүгіннен бастап сіз бір хаттың ішіне сыятын қолданба жасай аласыз.
Әзірлеушілер енді бірнеше батырманы тікелей хаттың ішіне қоя алады. Өткінші хат көмегімен сауалнамалар, ойындар, жұлдызнамалардан бастап өнімдерді көруге және тапсырыс беруге дейінгі кез келген нәрсе үшін ағындарды жасауға болады.
Бұндай хаттар кез келген жерде, соның ішінде топтар мен арналарда жариялануы мүмкін, онда қолданушылардың кез келген саны олармен өзара әрекеттесе алады, мысалы: жеке бір партияда шахмат ойнау үшін.
Сіз тіпті оларды сәлемдесу хаты ретінде қолдана аласыз немесе тобыңыздың қызмет көрсету шарттарындағы күңгірт өрнектерді басыңыз.
Бұнда да вуду магиясы қажет емес, бірақ сізге кодтау керек болады. Қазіргі кодтау заманында бұл ешкімді қорықтырмайды, солай ма?
Әзірлеушілерге арналған қосымша ақпарат осында қолжетімді.
Мәтін өңдегіші енді көптеген ішкі медиа түрлерін қолдайды, сондықтан мәтіннің кез келген жеріне құжатты, файлды және музыканы қоса аласыз.
Мәтін өңдегішті ашу үшін енгізу өрісіне 3 жолдан артық мәтін енгізгенде пайда болатын ⛶ таңбасын басыңыз.
Әркімнің автоматты жаңартулар қосылмаған бір досы бар, сондықтан дизайнерлеріміз ескірген қолданбалар жаңа мүмкіндікті көрсете алмаған кезде пайда болатын стильді толтырғыш қосты және сізге ең соңғы жаңартуды лезде жүктеу батырмасын береді.
Міндетіңіз — оларды қазір жаңарту, сонда олар осы әсерлерді келесі жолы біз керемет нәрсе қосқанда қолдана алады.
Android-та өздігінен жаңартуды қосу үшін Play Store-ды ашып, Параметрлер → Желі параметрлері → Қолданбаларды автоматты түрде жаңарту тармағын басыңыз. iOS-та Реттеулер → Қолданбалар → App Store → Автоматты түрде жүктеу бөліміне өтіп, «Қолданба жаңартулар» тармағын басыңыз.
Сіз Telegram жұлдыздарын біздің қауіпсіз, қолдануға оңай сыйлық нарығымызда басқа қолданушылардан мыңдаған сирек сыйлықтарды сатып алу үшін қолдана аласыз. Енді сол жерден сатып алған сыйлықтарыңызға қолтаңбаңыз бен пікіріңізді қоса аласыз.
Telegram-ның сыйлық нарығынан сыйлық жіберу үшін кез келген қолданушының бейінін ашып, ⋮ / ⋯ → «Сыйлық жіберу» батырмасын басыңыз, содан кейін сирек кездесетін жаңартылған сыйлықтарды сатып алу үшін «Жиынтық» сүзгісін таңдаңыз.
Telegram 13 жасқа толды! Ол әлі де көлік жүргізе алмайды немесе дауыс бере алмайды (біреу қарап тұрғанда), бірақ кем дегенде әлеуметтік медиа тіркелгілеріміз ақыры сұр аймақтан шықты.
Өткен жылы 55 мүмкіндікті қамтитын 12 негізгі жаңартуды шығардық, соның ішіндегі сүйіктілеріміз:
Енді жұмысқа қайта ораламыз, ал сіз тойлап, еркін сөз сөйлей беріңіз.
Ол өзі сөйлей алмайды!
2026 жылы 25 тамыз
Telegram командасы