ЖИ өңдегіші, қуатты сауалнама, Live Photos, ботты басқаратын бот және т.б.

Read the original announcement in English
ЖИ өңдегіші, қуатты сауалнама, Live Photos, ботты басқаратын бот, құжатты сканерлеу және т.б.

Бүгінгі жаңартуда біз небәрі екі рет басып мәтініңізді аудара, өзгерте немесе түзете алатын ЖИ өңдегішті, сауалнамаға арналған медиа тіркеу және белсенді сауалнамаға жаңа жауаптар ұсыну сияқты жаңа мүмкіндіктерді, барлық қолданбада Live Photo мен қимылды сурет қолдауын, басқа боттарды жасай және басқара алатын боттарды және т.б. жаңалықтарды ұсынамыз.

ЖИ мәтін өңдегіші

🍖 Tribal: Сиқырлы сөздер жаман сөйлеуді түзейді. Сиқырлы сөздер стильді өзгертеді. Сиқырлы сөздер тілді ауыстырады. Рухтар көмектеседі. От құпияны сақтайды. Бәрі Cocoon үңгірінде қауіпсіз.

Енді хат тақтасында кіріктірілген өңдегіш бар: ол мәтініңізді бірден грамматикалық түрде түзете, басқа стильде қайта жаза немесе хатыңызды басқа тілге аудара алады, бұның бәрі ашық бастапқы кодты ЖИ модельдерінің көмегімен жүзеге асады.

Мәтін өңдегіші Formal, Short, Tribal, Corp, Zen, Biblical және Viking сияқты әртүрлі стильдерді ұсынады. Оларды қарым-қатынасты тиімдірек ету немесе әңгімеге ерекше реңк қосу үшін қолдануға болады.

Мәтін өңдегіші мәтінді аудару кезінде де стиль қосуға мүмкіндік береді, осылайша сіз шетелдік патшадай немесе көптілді монахтай сөйлей аласыз.

Telegram-ның барлық ЖИ мүмкіндігі сияқты, мәтін өңдегіші де қолданушыларға толық құпиялық беру үшін Cocoon Network жүйесін қолданады. Сұраулар құпия ортада өңделеді және қолданушы деректеріне мүлде қолжетімсіз болады.

Хат жазып жатқанда, мәтін 3 жолдан асқаннан кейін, Жіберу жебесінің үстінде пайда болатын Ai таңбасын басыңыз.

Сауалнамаға арналған 10+ жаңа мүмкіндік

🪓 Viking: Сауалнама арсеналы үшін жаңа қарулар соғылды: енді сұрақтар мен жауап нұсқаларына медианы жауынгер белдігіне тағылған алтын секілді байлауға болады. Тордың балғасымен ант етеміз, баптаулардың қарапайым руналары шексіз мүмкіндіктер береді!

Біз сауалнамаға көптеген жаңа функция қостық, енді сіз мыналарды жасай аласыз:

  • Сұрақ пен жауап нұсқасына медиа немесе орналасу орнын тіркеу.
  • Қосымша түсінік үшін сипаттама қосу.
  • Белсенді сауалнамада қолданушыға жаңа нұсқа ұсынуға рұқсат беру.
  • Әр нұсқаның жанында кімнің дауыс бергенін көрсету.
  • Нәтижені бекіту үшін қайта дауыс беруді өшіру.
  • Әр қолданушы үшін нұсқаларды араластыру.
  • Сауалнамаға уақыт шегін орнату.
  • Уақыт аяқталғанша нәтижелерді жасыру.
  • Автор ретінде дауыс бермей-ақ нәтижелерді көру.

Жеңілдетілген сауалнама баптауы жаңа куиз түрін жасауға да мүмкіндік береді, мысалы: қайта дауыс беруге болатын немесе шындық күрделі болған жағдайда бірнеше дұрыс жауабы бар куиздер.

Топтық чатта дауыстары көрінетін сауалнама жасасаңыз, біреу жауап берген сайын сізге мәлімдеме келеді, онда оның қай нұсқаны таңдағаны көрсетіледі.

Сауалнама мәлімдемесі

Бұрынғы да, белсенді сауалнама да енді топтар мен арналар бейініндегі арнайы бөлімде көрінеді, сол арқылы белсенді сауалнаманы табу немесе өткен сауалнаманың нәтижесін көру оңай.

Live пен қимылды сурет

🕯 Biblical: Міне, Telegram-ның барлық хатына енді қозғалып тұратын бейнелер сыйға берілді. Өйткені: “Көз — дененің шамы”, ал енді олар тыныштықтың өз ішіндегі өмірді де көретін болады.

Telegram енді iOS-тағы Live Photos пен Android-тағы қимылды суреттерді тікелей қолдайды, сондықтан қолданушылар кез келген Telegram қолданбасында көрінетін циклді суретті жібере алады.

Жіберуші медиа өңдегішінде 3 түрлі стильдің бірін таңдай алады: Live, Loop және Bounce. Live суретті ашқанда бір рет көрсетеді, Loop оны үздіксіз қайталайды, ал Bounce алдыға және кері бағытта қайта-қайта ойнатады.

Live Photo жіберу үшін медиа өңдегішінің жоғарғы бұрышындағы Live батырмасын басып, стильді таңдаңыз.

Ботты басқару

💼 Corp: Telegram боттары енді өз бот желілерін жобалау, іске қосу және кеңейтуге мүмкіндік беретін қуатты жаңа қабілетке ие болды. Бұл стратегиялық бетбұрыс кез келген адамға ЖИ боттарының әлеуетін пайдаланып, ешқандай код жазбай-ақ жаңа бот шешімдерін оңай іске қосуға жол ашады!

Енді пайдаланушылар өздерінің жекелендірілген боттарын бірнеше түртумен жасай алады. Telegram-ның бот API-і жүйесінің соңғы жаңартуымен боттар атыңыздан басқа боттарды жасап, басқара алады.

Бұл кез келген адамға ЖИ боттарын қолданып, өз ботын оңай әзірлеуге және іске қосуға мүмкіндік береді әрі код жазу қажет емес.

Ботты басқару

iOS-тағы құжат сканері

🗿 Zen: Telegram енді камераны кез келген құжаттың PDF нұсқасын салатын қылқаламға айналдыратын құралды ұсынады. Ұстаз бір кезде сұрады: жапырақ сканерленсе, ол әлі де желге сыбырлай ма?

Telegram-ның iOS нұсқасы енді қолданушыларға телефон камерасы арқылы құжаттарды сканерлеуге және бірнеше суретті бір файлға біріктіруге мүмкіндік береді.

Құжат сканері бірден артқы фонды жояды, суретті қиып, оны PDF пішіміне айналдырады. Сканерлеу кезінде суретті түртіп, қолмен түзетулер жасауға болады, мысалы: шекарасын өзгерту, сүзгі қосу немесе суретті бұру.

Құжат сканері

Құжатты сканерлеу үшін тіркеме мәзірін ашып, File → Құжатты скандау тармағын таңдаңыз.

Бейресми қолданба жайлы ескерту

Telegram-ның ресми қолданбалары максималды сенім мен ашықтық үшін расталатын жинақтармен мен шифрлау протоколдары бар толық ашық дереккөз болып табылады.

Telegram сондай-ақ тәуелсіз әзірлеушілерге Telegram қолданбасының үшінші тарап нұсқаларын жасауға мүмкіндік береді. Енді үшінші тарап қолданбаларын қолданатын адамдардың бейінінде жаңа қауіпсіздік ескертуі көрсетіледі, ол оларға жіберілген хаттардың қауіпсіздігі төменірек болуы мүмкін екенін басқаларға мәлімдейді.

Қауіпсіздік қаупі жайлы ескерту

Осылайша бүгінгі хабар аяқталды, бірақ жуық арада бұдан да күшті жаңалықтармен қайта ораламыз, өйткені Жаратқан иеміздің алдында адамның еңбегі ешқашан бітпейді.


2026 жылы 31 наурыз
Telegram командасы

Diğer Haberler

ЖИ өңдегіші, қуатты сауалнама, Live Photos, ботты басқаратын бот және т.б.

Бүгінгі жаңартуда біз небәрі екі рет басып мәтініңізді аудара, өзгерте немесе түзете алатын ЖИ өңдегішті, сауалнамаға арналған медиа тіркеу…
31 Mar 2026

Мүше белгісі, Telegram арқылы кіру, жөнелтуді өшіру, GIF өңдеу, күнді пішімдеу, дауыс берудің уақыт белгісі

Бүгінгі жаңартуда біз топ мүшелерінің өздерінің кім екенін көрсетуіне көмектесу үшін белгілерді…
1 Mar 2026

Жаңа дизайн, сыйлық жасау және т.б.

Бұл жаңарту айрықша жаңа сыйлықтар жасауға арналған крафтиң жүйесін, Android-қа арналған Telegram тарихындағы ең үлкен бетбейне жаңартуын және т.б. мүмкіндіктерді қосады.
9 Şub 2026

ЖИ түйіндемесі, жаңа дизайн және т.б.

Telegram-ның 2026 жылғы бірінші жаңартуы арна жазбалары мен көз жүгірту парақшасына арналған iOS пен ЖИ түйіндемесі үшін одан да көп Liquid Glass бетбейнесін әкеледі, олар құпиялықты…
3 Oca 2026