Read the original announcement in English

Бүгінгі жаңарту жоғары жылдамдықта сырғыту және күнтізбе көрінісі, шақыру сілтемелері үшін әкімші мақұлдауы баптауы, бүкіл қолданбаңыз үшін ғаламдық чат кейіптері және т.б. арқылы ортақ медиадағы естеліктерді табудың жаңа жолдарын ұсынады.
Әрбір Telegram қолданушысы шексіз бұлттық қоймаға ие және әр чатта оған жіберілген барлық сурет, бейне, файл және музыка көрсетілетін Ортақ медиа беті бар. Беттің бүйір жағына жаңа күн жолағын қостық, оны ортақ медианы тезірек айналдыру үшін жоғарыға және төменге сүйреуге болады.
Жақсырақ көру үшін ұлғайту және кішірейту үшін шертіңіз, осылайша сіз әр қатарда 2 үлкен нобайдан оншақты кішкентай шаршыларға дейін көре аласыз.
Белгілі бір уақыт аралығындағы медианы жылдам табу үшін күн жолағын басып, әр күнге арналған медиа нұсқалары бар күнтізбе бетбейнесін ашыңыз, содан кейін сол күндегі барлық медианы көру үшін басыңыз.
Өткен мен қазіргі уақыт арасында ауысуға арналған жаңа құралдарға қосымша, сіз енді тек суреттерді, тек бейнелерді немесе екеуін де көрсету үшін ортақ медианы сүзгіден өткізе аласыз.
Ортақ медианы көру үшін кез келген чатта экранның жоғарғы жағындағы атауды басып, төмен қарай сырғытыңыз. Жаңа мәзірді ашу үшін Android-та
немесе iOS-та
басыңыз.
Шақыру сілтемесі қолданушыға өз уақытында топқа немесе арнаңызға қосылуға мүмкіндік береді, сілтемені жеке түрде бөлісесіз бе, әлде оны билбордтағы QR кодына айналдырасыз ба, бұл өзіңізге байланысты. Чат үшін қосымша шақыру сілтемелерін жасаған кезде, енді әкімшілерге чатқа кімнің қосыла алатынын және көре алатынын көбірек бақылауға мүмкіндік беретін әкімшінің қабылдауын сұрау баптауы бар.
Қолданушы әкімші қабылдауы қосылған сілтемені ашқанда, олар чаттың жоғарғы жағындағы жаңа жолақтан әкімшілер басқара алатын қосылу өтінішін жіберу батырмасын көреді. Сол жерден әкімшілер өтініш берушінің ашық бейін суретін және өзі жайлы ақпарын көріп, оның өтінішін қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін.
Мысалы: әлеуметтік желіде поэзия арнаңызға шақыру сілтемесін жариялап, содан кейін тек жақын достарыңыз бен күлгін түсті адамдарға жазбаңызды көруге рұқсат бере аласыз.
Әкімшінің қабылдауы «қосымша шақыру сілтемесі» бөліміндегі кез келген сілтемеге қолданылуы мүмкін, біз сондай-ақ осы сілтемелердің барлығына бірегей атау беру мүмкіндігін қостық, сондықтан сіз оларды жақсы ұйымдастыру үшін таңбалай аласыз.
Шақыру сілтемесі үшін бар барлық әртүрлі опцияны қолдансаңыз, әсіресе сілтеме атаулары пайдалы болады, мысалы ұзақтық шектеулері, қолдану саны және т.б.
Соңғы жаңартуымызда жеке чатқа орнатуға болатын 8 жаңа кейіп енгізілді, енді олар iOS-тағы толық қолданбаңыз үшін қолжетімді (жақында Android-та пайда болады). Қолданба көрінісінің баптауы толықтай қайта жасалды, бұл кейіптер басты орынға қойылды. Telegram командасы жасаған әр тақырыпта Күндізгі және Түнгі режім, түрлі-түсті анимациялы фон және градиентті хат көпіршіктері бар.
Барлық кейіп сияқты бұл дизайндарды жекелендіре аласыз және түстерді өзгерте аласыз немесе нақышты өзгерте аласыз. Қосымша баптау мен жеке баптаулар үшін «Чат кейпін» басып, шығармаларыңызды өңдеңіз және бөлісіңіз.
Хат жолағындағы тіркеме мәзірінен орналасқан жеріңізді немесе қайда бара жатқаныңызды жібере аласыз. Бөлінген жерді басу арқылы аймақтың картасы ашылады, онда сізге
жаяу,
көлікпен немесе
қоғамдық көлікпен арқылы жету уақыты көрсетіледі. Егжей-тегжейлі бағыттарды көру немесе мекенжайға дейін таксимен жету үшін жол жүру уақытын басып, оны өзіңіз қалаған қолданбада ашыңыз.
Жолға кететін уақыттары статикалық және тұрған орын үшін де көрсетіледі, сондықтан достарыңыз қозғалыста болған кезде олармен кездесуге қанша уақыт кететінін көре аласыз.
Хат жолағында жазылған мәтін енді медиафайлды тіркеген кезде сипаттамаға айналады, сондықтан жаңа ғана жазған нәрсені қайта жазуды немесе қиып алудың және қою қажеті жоқ. Бұл Шимаймен де жұмыс істейді, сондықтан хатты компьютеріңізде жазып, содан кейін телефоннан суретті тіркеп, бәрін бірге қосып жібере аласыз.
Әрине, алдағы жаңартуларда біздің Android қолданбамызға қоғамдық көлік уақыттары да, жедел медиа сипаттамасы да қосылады.
iOS-тағы баптаулар iOS 15-тің стиліне сәйкес қайта жасалды, соның ішінде жеңілдетілген Мәлімдеме және
Стикер баптаулары.
Құрылғылар бөлімі енді сізге жаңа таңбалар арқылы белсенді сеанстарыңызға нақты шолу береді, егжей-тегжейлі көру үшін кез келген құрылғыны басыңыз немесе одан қашықтан шығыңыз.
Құрылғыларыңыз үшін көрсетілген мекенжайлар тек олардың IP мекенжайына негізделгенін есте сақтаңыз. Бұл деректер әрдайым дәл бола бермейді, сондықтан сіз ұйықтап жатқанда ноутбугіңіз кенеттен Исландияға барып қалса, таңғалмаңыз.
Бұл жаңарту жаңа интерактивті эмоджи ұсынады. Кез келген жеке чатта бір
немесе
жіберіңіз, содан кейін оның толық экранды әсерін іске қосу үшін эмоджиді басыңыз.
Чаттасыңыз да чатты ашық ұстаса, сіз екеуіңіз де әсерлерді көріп, тербелістерді бір уақытта сезінесіз.
Біздің алдыңғы жаңартудан білетіндей, бұл сиқыр
![]()
![]()
![]()
![]()
және
-пен де жұмыс істейді.
Қыс келе жатыр, бірақ біздің келесі жаңартуымыз оны жеңу үшін жарысады. Күте тұрыңыз!
2021 жылы 3 қараша
Telegram командасы