Гипер-жылдам сырғыту және ортақ медиадағы күнтізбе, қосылу өтініші, iOS-тағы ғаламдық чат кейіпі және т.б.

Read the original announcement in English
Гипер-жылдам сырғыту және ортақ медиадағы күнтізбе, қосылу өтініші, iOS-тағы ғаламдық чат кейіпі және т.б.

Бүгінгі жаңарту жоғары жылдамдықта сырғыту және күнтізбе көрінісі, шақыру сілтемелері үшін әкімші мақұлдауы баптауы, бүкіл қолданбаңыз үшін ғаламдық чат кейіптері және т.б. арқылы ортақ медиадағы естеліктерді табудың жаңа жолдарын ұсынады.

Ортақ медиа үшін гипер-жылдам сырғыту

Әрбір Telegram қолданушысы шексіз бұлттық қоймаға ие және әр чатта оған жіберілген барлық сурет, бейне, файл және музыка көрсетілетін Ортақ медиа беті бар. Беттің бүйір жағына жаңа күн жолағын қостық, оны ортақ медианы тезірек айналдыру үшін жоғарыға және төменге сүйреуге болады.

Жақсырақ көру үшін ұлғайту және кішірейту үшін шертіңіз, осылайша сіз әр қатарда 2 үлкен нобайдан оншақты кішкентай шаршыларға дейін көре аласыз.

Ортақ медиа үшін күнтізбе көрінісі

Белгілі бір уақыт аралығындағы медианы жылдам табу үшін күн жолағын басып, әр күнге арналған медиа нұсқалары бар күнтізбе бетбейнесін ашыңыз, содан кейін сол күндегі барлық медианы көру үшін басыңыз.

Ортақ медиа үшін күнтізбе көрінісі

Өткен мен қазіргі уақыт арасында ауысуға арналған жаңа құралдарға қосымша, сіз енді тек суреттерді, тек бейнелерді немесе екеуін де көрсету үшін ортақ медианы сүзгіден өткізе аласыз.

Сүзгілеу теңшеуі бар жаңа мәзір

Ортақ медианы көру үшін кез келген чатта экранның жоғарғы жағындағы атауды басып, төмен қарай сырғытыңыз. Жаңа мәзірді ашу үшін Android-та Menu Android немесе iOS-та Menu iOS басыңыз.

Топ пен арнаға арналған қосылу өтініші

Шақыру сілтемесі қолданушыға өз уақытында топқа немесе арнаңызға қосылуға мүмкіндік береді, сілтемені жеке түрде бөлісесіз бе, әлде оны билбордтағы QR кодына айналдырасыз ба, бұл өзіңізге байланысты. Чат үшін қосымша шақыру сілтемелерін жасаған кезде, енді әкімшілерге чатқа кімнің қосыла алатынын және көре алатынын көбірек бақылауға мүмкіндік беретін әкімшінің қабылдауын сұрау баптауы бар.

Қолданушы әкімші қабылдауы қосылған сілтемені ашқанда, олар чаттың жоғарғы жағындағы жаңа жолақтан әкімшілер басқара алатын қосылу өтінішін жіберу батырмасын көреді. Сол жерден әкімшілер өтініш берушінің ашық бейін суретін және өзі жайлы ақпарын көріп, оның өтінішін қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін.

Мысалы: әлеуметтік желіде поэзия арнаңызға шақыру сілтемесін жариялап, содан кейін тек жақын достарыңыз бен күлгін түсті адамдарға жазбаңызды көруге рұқсат бере аласыз.

Шақыру сілтемесінің бірегей атауы

Әкімшінің қабылдауы «қосымша шақыру сілтемесі» бөліміндегі кез келген сілтемеге қолданылуы мүмкін, біз сондай-ақ осы сілтемелердің барлығына бірегей атау беру мүмкіндігін қостық, сондықтан сіз оларды жақсы ұйымдастыру үшін таңбалай аласыз.

Тек әкімшіге көрінетін арнайы атаулары бар шақыру сілтемелерінің тізімі

Шақыру сілтемесі үшін бар барлық әртүрлі опцияны қолдансаңыз, әсіресе сілтеме атаулары пайдалы болады, мысалы ұзақтық шектеулері, қолдану саны және т.б.

iOS-тағы ғаламдық чат кейіптері

Соңғы жаңартуымызда жеке чатқа орнатуға болатын 8 жаңа кейіп енгізілді, енді олар iOS-тағы толық қолданбаңыз үшін қолжетімді (жақында Android-та пайда болады). Қолданба көрінісінің баптауы толықтай қайта жасалды, бұл кейіптер басты орынға қойылды. Telegram командасы жасаған әр тақырыпта Күндізгі және Түнгі режім, түрлі-түсті анимациялы фон және градиентті хат көпіршіктері бар.

Барлық кейіп сияқты бұл дизайндарды жекелендіре аласыз және түстерді өзгерте аласыз немесе нақышты өзгерте аласыз. Қосымша баптау мен жеке баптаулар үшін «Чат кейпін» басып, шығармаларыңызды өңдеңіз және бөлісіңіз.

iOS-тағы жолға кететін уақыт

Хат жолағындағы Attach тіркеме мәзірінен орналасқан жеріңізді немесе қайда бара жатқаныңызды жібере аласыз. Бөлінген жерді басу арқылы аймақтың картасы ашылады, онда сізге Foot жаяу, Car көлікпен немесе Public Transport қоғамдық көлікпен арқылы жету уақыты көрсетіледі. Егжей-тегжейлі бағыттарды көру немесе мекенжайға дейін таксимен жету үшін жол жүру уақытын басып, оны өзіңіз қалаған қолданбада ашыңыз.

iOS-тағы жолға кететін уақыт

Жолға кететін уақыттары статикалық және тұрған орын үшін де көрсетіледі, сондықтан достарыңыз қозғалыста болған кезде олармен кездесуге қанша уақыт кететінін көре аласыз.

iOS-та медиаға жедел сипаттама жазу

Хат жолағында жазылған мәтін енді медиафайлды тіркеген кезде сипаттамаға айналады, сондықтан жаңа ғана жазған нәрсені қайта жазуды немесе қиып алудың және қою қажеті жоқ. Бұл Шимаймен де жұмыс істейді, сондықтан хатты компьютеріңізде жазып, содан кейін телефоннан суретті тіркеп, бәрін бірге қосып жібере аласыз.

Әрине, алдағы жаңартуларда біздің Android қолданбамызға қоғамдық көлік уақыттары да, жедел медиа сипаттамасы да қосылады.

iOS 15-те баптау жаңартылды

iOS-тағы баптаулар iOS 15-тің стиліне сәйкес қайта жасалды, соның ішінде жеңілдетілген Notifications Мәлімдеме және Stickers Стикер баптаулары. Devices Құрылғылар бөлімі енді сізге жаңа таңбалар арқылы белсенді сеанстарыңызға нақты шолу береді, егжей-тегжейлі көру үшін кез келген құрылғыны басыңыз немесе одан қашықтан шығыңыз.

Құрылғыларыңыз үшін көрсетілген мекенжайлар тек олардың IP мекенжайына негізделгенін есте сақтаңыз. Бұл деректер әрдайым дәл бола бермейді, сондықтан сіз ұйықтап жатқанда ноутбугіңіз кенеттен Исландияға барып қалса, таңғалмаңыз.

Тағы интерактивті эмоджи

Бұл жаңарту жаңа интерактивті эмоджи ұсынады. Кез келген жеке чатта бір 👻 👎 🤮 😂 💸 немесе 🎃 жіберіңіз, содан кейін оның толық экранды әсерін іске қосу үшін эмоджиді басыңыз.

Чаттасыңыз да чатты ашық ұстаса, сіз екеуіңіз де әсерлерді көріп, тербелістерді бір уақытта сезінесіз.

Біздің алдыңғы жаңартудан білетіндей, бұл сиқыр 🎆 🎉 🎈 👍 💩 және ❤️-пен де жұмыс істейді.

Қыс келе жатыр, бірақ біздің келесі жаңартуымыз оны жеңу үшін жарысады. Күте тұрыңыз!


2021 жылы 3 қараша
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

Пашыраны тэкставы рэдактар, супольнасці, знікальныя паведамленні ў суполках, 350 мільёнаў анімацый

У сённяшнім абнаўленні: пашыраны тэкставы рэдактар для стварэння і афармлення паведамленняў…
14 шіл 2026

Праграмы для гадзіннікаў, фарматаваны тэкст для ботаў, AI-ахоўнікі для суполак і шмат чаго яшчэ

Сённяшняе абнаўленне дадае Telegram на Apple Watch і Android-гадзіннікі, уводзіць шыкоўнае…
11 мау 2026

Гасцявыя AI-боты, чаты паміж ботамі, аўтаматызацыя чатаў, 100 мільёнаў эмодзі, пошук стыкераў, карыстальніцкія AI-стылі, статыстыка галасаванняў, бязгучныя запланаваныя паведамленні, выдаленне рэакцый

Telegram дадае больш за 10 новых функцый, уключаючы…
7 мам 2026

AI-рэдактар, магутныя галасаванні, жывыя фота, боты кіруюць ботамі і шмат чаго яшчэ

У сённяшнім абнаўленні мы прадстаўляем AI-рэдактар, які можа перакладаць, змяняць або выпраўляць…
31 нау 2026