Read the original announcement in English

Бүгінгі жаңартуда біз қауіпсіз тәсілін, яғни кіру кілттерін енгіздік. Енді SMS кодсыз жедел кіре аласыз, сыйлық сатып алу ұсыныстарын алаяқтықтан қорғап, хикаяға бейініңіздегі аудионы қоса аласыз.
Енді құрылғыңызда кіру кілтін жасай аласыз және Telegram-ға SMS кодтың орнына PIN немесе Face ID, саусақ ізі сияқты биометриялық деректер арқылы бірден кіре аласыз.
Кіру кілттері кез келген жерде, кез келген уақытта саяхаттап жүрсеңіз де, шалғай жағажайда қыстап жатсаңыз да немесе SMS қызметіңіз істемей қалса да, ол жұмыс істейді.
Кіру кілттеріне арналған бірегей шифрланған кілттер құрылғыңызда сақталады және iCloud, Google сияқты құпиясөз басқару қолданбаларымен үйлестіріле алады. Бұндай тәсіл кіру кілттерін ең жылдам әрі ең қауіпсіз етеді.
Кіру кілтін жасау үшін Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Кіру кілті бөліміне өтіңіз. Бұны кез келген құрылғыда жасай аласыз. Толығырақ ЖҚС-дан оқыңыз.
Бірақ SIM–картаңызды әлі тастамаңыз! Кіру кілті қосулы болса да, тіркелгіңіз өзіңіз басқаратын белсенді телефон нөміріне байланған болуы керек.
Қолданушының бейініндегі сыйлықты қарап, оны ұнатсаңыз, енді оған жұлдыз немесе TON арқылы сатып алуға ұсыныс жасай аласыз.
Сыйлық ұсыныстары Telegram арқылы қорғалады және сатып алушыларды да, сыйлық иелерін да алаяқтардан қауіпсіз етіп, Telegram-да тікелей сатудың ыңғайлы әрі қауіпсіз тәсіліне мүмкіндік береді.
Ұсыныс жасағанда бағасы мен мерзімін өзіңіз орнатасыз. Төлеміңіз ұсыныс мерзімі бойы сақталады. Ұсыныс қабылданбаса немесе мерзімі өтсе, төлемің толықтай бірден қайтарылады.
Ұсыныс жасау үшін сыйлықты қарағанда ⋯ немесе ⋮ батырмасын басып, «Ұсыныс жасау» таңдаңыз.
Біреу сыйлығыңызды сатып алуға ұсыныс жасағанда, ұсыныс сомасының бағалау құнына қаншалықты жақын екенін көресіз. Сатуды растағаннан кейін сыйлық сатып алушыға автоматты түрде аударылады.
Хикая жариялағанда енді бейініңіздегі плейлисттен тез қосуға болады.
Ол үшін Стикер батырмасы → Аудио → Сақталған музыка бөлімінен файлдарды таңдаңыз.
Мұз үстінде сырғанап жүрсеңіз де, қысқы ұйқыға кетесіз бе әлде экватордағы жазды тамашалайсыз ба, аптаңыз жақсы өтсін!
2025 жылы 12 желтоқсан
Telegram командасы