Read the original announcement in English

Telegram іске қосылғанына 8 жылдан сәл асқан уақыт болды, ал бүгін ай сайынғы жаңартулар дәстүрін 8.0 нұсқасымен жалғастырып отырмыз. Бұл жаңарту шексіз көрермендері бар тікелей эфирлерді топтар мен арналарға қосады, медиадан сипаттаманы жойып тастау және хатты жөнелткенде жіберушінің атын жасыру мүмкіндігін береді, чаттар тізіміне қайта оралмай-ақ келесі оқылмаған арнаға өтуді жеңілдетеді, жақсартылған стикер тақтасын, жаңа анимациялы эмоджилерді және т.б. мүмкіндіктерді қамтиды.
Алдыңғы жаңарту топтық бейнеқоңырауларды тікелей эфирлер үшін қуатты құралға айналдырды, енді олардың аудиториясы шексіз (арнаңыздың танымалдығына немесе жер халқының санына байланысты).
Арнада эфир немесе топта бейнечат бастаңыз, екеуі де енді шексіз көрермендерді қолдайды. Қалтаңызда жеке телестанцияңызды жүргізу мүмкіндігі бар.
Бастау үшін әкімші бірлестіктің бейінінде «Бейнечат» (топтарда) немесе «Эфир» (арналарда) батырмасын басыңыз.
Эфир көрермендері де қол көтеріп, рұқсат етсеңіз, трансляцияға қосыла алады.
Хаттрды жөнелту әлдеқайда ыңғайлы болды. Хат жолағының үстіндегі «Жөнелтілген хат» белгісін басып, көрініс терезесін ашыңыз, онда хат жіберілгенде қалай көрінетінін және бірнеше қосымша теңшеуді көресіз.
Жіберушінің атын немесе медиадағы сипаттаманы жасыра аласыз. Сондай-ақ жібергіңіз келмейтін хаттарды таңдаудан шығара аласыз немесе қате чатқа кірсеңіз, алушыны өзгерте аласыз.
Telegram-да жаңалықтар, оқиғалар және контент үшін миллиондаған бірден-көпке арналары бар.
Енді жаңалықтарды оңай қадағалау үшін чат тізіміне қайта оралмай-ақ жазылған арналарыңыздан өте аласыз. Арнаның соңына жеткенде, экранды жоғары тартып, келесі оқылмаған арнаға өтіңіз.
Чат тізімін бумалармен немесе мұрағатталған чаттармен ұйымдастырып басқарсаңыз, қолданба сіз орнатқан құрылымды сақтайды: ағымдағы бумадағы арналар, содан кейін әр буманың ішінде, содан кейін барлық чат пен мұрағатта қалғандары.
Ашық платформа мен стикер тізіміндегі мыңдаған тегін, сапалы стикерлердің арқасында әр жағдайға арналған стикер бар. Бұл жаңарту оларды табуды жеңілдетті.
Танымал стикерлер енді стикер тақтасында «Жуырдағы»-ның үстінде көрсетіледі. «Қосу» батырмасын басып, топтаманы сақтап қойыңыз.
Тақтаның жоғарғы жағында топтамаларды айналдырғанда, нобайлар жайылып, топтамалардың атауларын көрсетеді.
Android-тағы Telegram стикер ұсыныстары үшін үлкенірек көріністерді алды. Ұсыныстарды алу үшін енгізу өрісіне бір эмоджи енгізіңіз.
Ойыңызда белгілі бір нәрсе болса және ол жинақтарыңыздың арасында болмаса, стикерлер тізімінен сәйкестіктерді табу үшін іздеу өрісіне сөзді жазыңыз. Мысалы: «сары», «жануар», «ит», «мысық» және т.б.
«Жазып жатыр…» немесе «дауысхат жазып жатыр…» сияқты, енді қолданба чаттың жоғарғы жағында «стикер таңдауда» күйін көрсетеді, осылайша чаттасыңыздың әлі сонда екенін білесіз.
Көптеген арналарда жазбаларға пікір қалдыру мүмкіндігі бар. Енді пікір тізбегін ашқанда, жаңа пікір болса, оқылмаған пікірлердің саны көрсетіледі. Жақында біз бұны мыңдаған туған күн тілектері арқылы тексеруге тамаша мүмкіндік алдық, қолдау көрсеткендеріңіз үшін бәріңізге алғыс білдіреміз.
Чаттардағы сияқты, жаңа хаттары бар пікір талқысын ашқан кезде, оқылмаған пікірлер санын көрсететін санағыш пайда болады.
Бұл айда біз өзімізге сұрақ қойдық: «Әр жаңартуда көбірек эмоджи анимациялауды тоқтатуымыз керек пе?» Қызу талқылаудан кейін мынадай жауапқа келдік: «Әрине, жоқ». Чатта осы жаңа туындылардың бірін алу үшін бір эмоджи қосып, хат жіберіңіз:
Бүгінге осы, ал бізде келесі жаңарту үшін қазірдің өзінде қызықты мүмкіндіктер әзірленіп жатыр. Кездескенше!
2021 жылы 31 тамыз
Telegram командасы