Эмоджи платформасы, жеке анимациялы эмоджи жинағы, Premium сыйлықтары және т.б.

Read the original announcement in English
Жеке эмоджи жинағы, Premium сыйлықтары және т.б.

Биылғы жазда Telegram 700 миллион белсенді қолданушыдан асып, Premium Telegram Premium таныстырды, бұл кез келген адамға Telegram-ды дамытуға қолдау көрсетуге және айрықша қосымша мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол береді.

Бүгінгі жаңартуда Telegram-ның эмоджи платформасы, хаттар мен сипаттамадағы анимациялы эмоджи, жеке эмоджи жинағы, Telegram Premium-ды сыйлық ретінде беру мүмкіндігі, дауысхаттар үшін жаңа құпиялық баптауы және т.б. енгізілген.

Premium Жеке анимациялы эмоджи

Бүгін біз ашық эмоджи платформасын іске қосамыз, онда кез келген адам Telegram Premium қолданушылары үшін бірегей өнер стильдері мен кейіпкерлері бар арнайы жинақтарды жүктей алады.

Жаңа анимациялы эмоджиді хат мәтініне және медиа сипаттамаға қосып, чаттарыңызға одан да көп эмоция қосуға болады. Premium қолданушылары 500-ден астам Premium эмоджиі бар 10 бастапқы жеке эмоджи жинақтарына қол жеткізе алады, алдағы уақытта көптеген эмоджилер қосылады.

Хат теруді бастағанда, Stickers стикер батырмасы Emoji эмоджи батырмасына айналады, ол қайта жасалған эмоджи тақтасын ашады, осылайша эмоджи жинақтарыңызды жылдам қарап шыға аласыз немесе жаңаларын қоса аласыз.

Барлық қолданушы кез келген анимациялы эмоджиді көре алады. Кез келген адам оларды сынап көру үшін немесе ескертпелер мен еске салғыштарға қосымша ерекшелік қосу үшін өзінің Қоймада барлық жеке эмоджиді тегін қолдана алады.

Барлық жинақ эмоджи ұсыныстарына кіреді, :smile немесе :lol сияқты қысқа жолды теріңіз және бүкіл жинағыңыздан нәтижелерді көресіз. Статикалық эмоджиді теру барлық анимациялы жинақтарыңыздан ұсыныстарды көрсетеді.

Интерактивті жеке эмоджи

Көптеген танымал жеке эмоджилер жеке чаттарда жіберілгенде де интерактивті болады, кез келген қолданушы үйлестірілген, толық экранды әсерлерін ойнату үшін басуы мүмкін.

Оны 😂😍😁😱❤️👍🎉 сияқты кең тараған эмоджилермен және 💸🔥👻 тәрізді басқа эмоджилермен де қолданып көріңіз.

iOS-тағы жаңа стикер, GIF және эмоджи тақтасы

Стикер тақтасы iOS-та жаңа көрініске ие, стикерлер, GIF пен эмоджи үшін жеке қойындылар бар, дәл Android, Desktop және веб қолданбалардағыдай.

Барлық қолданбада GIF бөлімінде енді біздің соңғы байқауымыздан түскен салымдардың арқасында сүйікті фильмдеріңіз бен шоуларыңыздан мыңдаған жоғары сапалы GIF бар.

Premium Дауысхат үшін құпиялық баптау

Premium қолданушыларына оларға дауысхат пен бейнехаттарды кім жібере алатынын бақылауға мүмкіндік беретін жаңа баптау бар, мысалы: Бәрі, Контактім немесе Ешкім.

Privacy Settings for Voice and Video Messages

Басқа құпиялық баптаулар сияқты, бұл да айрықшалықтарды қолдайды, сондықтан сіз сізге Ешқашан немесе Әрқашан дауысхаттар жібере алатын қолданушылардың нақты адамдарын немесе топтарын таңдай аласыз.

Әрқашан тізіміңіздегі біреу ауызша сөйлесу үшін қолайсыз уақыт таңдаса, оның дауысхатын мәтінге айналдыра аласыз.

Бұл баптауды өзгерту үшін Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Дауысхат бөліміне өтіңіз.

Telegram Premium сыйлау

Енді сіз Telegram Premium тәжірибесін достарыңызбен, отбасыңызбен және әріптестеріңізбен бөлісу үшін оларға 3, 6 немесе 12 айға алдын ала төленген жазылымды жеңілдікпен жібере аласыз.

Қолданушы бейінін ашып, Menu iOS немесе Menu Android батырмасын басып, Premium сыйлау таңдаңыз. Сыйға берілген жазылым сол қолданушымен чатта арнайы хат ретінде лезде келеді, хатта анимациялы сыйлық қорабы болады.

Telegram-ның Desktop қолданбаларының бірін қолдансаңыз немесе Android қолданбасын тікелей біздің веб-сайттан жүктеп алсаңыз, @PremiumBot сияқты боттарды қолданып, Telegram Premium-ға жазыла аласыз немесе оны сыйға тарта аласыз.

ЖҚС-да Telegram Premium-ге арналған арнайы бөлім бар, онда сіз жазылымыңызды қалай басқару керектігін, оның қандай мүмкіндіктер ұсынатынын және неліктен ол сізді жылы әрі жайлы сезінетінін біле аласыз.

Тағы интерактивті эмоджи

Толық экранды әсерлері бар жаңа интерактивті эмоджилер жасау – жақсы дәстүр және бүгін біз 🍌🤨⚡️💔🏆😐 қосып отырмыз. Осы эмоджилердің бірін кез келген екі адам арасындағы чатқа жіберсеңіз, оны басу кезінде әсерді көрсететін үлкен анимациялы эмоджи пайда болады:

Бұл эмоджилер реакциялар ретінде де қолжетімді, қазіргі уақытта тек Premium жазылушыларына арналған.

Кез келген қолданушы Premium жазылушылары хатқа қосылған айрықша реакциялар үшін санағыштарды арттыра алады.

Бүгінге осы ғана. Жаздың қалған бөлігін рахаттанып өткізіңіздер, ал біз болсақ, әрқашан салқын болатын және келесі жаңарту қалыптасып жатқан жертөлелерімізге қайта ораламыз.


2022 жылы 12 тамыз
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

리치 텍스트 에디터, 커뮤니티, 그룹 내 휘발성 메시지, 3억 5천만 개의 GIF

텍스트를 서식화하고 생성할 수 있는 리치 텍스트 에디터, 여러 그룹, 채널, 봇을 연결하는 텔레그램 커뮤니티, 그룹 내에서의 휘발성인 봇 메시지, 3억 5천만 개 이상의 GIF 검색 등 다양한 기능이 새롭게 도입되었습니다.
14 шіл 2026

스마트워치 앱, 봇을 위한 리치 텍스트, 그룹을 위한 AI 가디언, 그리고 그 외에도 다양한 기능

오늘 업데이트로 텔레그램이 애플 워치와 안드로이드 스마트워치에서 사용 가능해졌으며, 봇을 위한 다양한 서식의 리치 텍스트, AI 관리자가 새로운 그룹 멤버를 심사하는 기능, 더 똑똑해진 투표, 브라우저 제어 등 다양한 기능이 추가되었습니다.
11 мау 2026

게스트 AI 봇, 봇 간 대화, 대화 자동화, 맞춤형 AI 스타일, 1억 개 이상의 이모지 및 스티커 검색 등 다양한 기능

텔레그램은 사용자가 어떤 대화에서도 AI 서비스를 이용할 수 있는 방법, 봇으로 받은편지함을 자동화하는 기능, AI 텍스트 에디터에서 맞춤 스타일을 만드는 기능, 설문조사에 한도를 설정하고 통계를 볼 수 있는 기능 등 10가지 이상의 새로운…
7 мам 2026

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026