Чат кейіптері, интерактивті эмоджи, топтағы оқу туралы есеп және тікелей эфир жазбасы

Read the original announcement in English
Чат кейіптері, интерактивті эмоджи, топтағы оқу туралы есеп және тікелей эфир жазбасы

Бүгінгі жаңарту сізге жеке чаттарда әртүрлі кейіп орнатуға, толық экранды әсері бар интерактивті эмоджи арқылы жақындарыңызбен сезімдеріңізді білдіруге, топтарда оқу туралы есепті көруге және тікелей эфирлерден бейне мен аудио жазуға мүмкіндік береді.

Чат кейіптері

Telegram-да чат бумасынан бастап, анимациялы фонға дейінгі чаттарды ұйымдастыру және олардың сыртқы түрін баптау үшін ондаған мүмкіндіктер бар. Бұл жаңартуда үйлестіру мен безендіру жеке чаттар үшін жаңа кейіптермен бірге келеді.

Дизайнерлеріміз 8 жаңа тақырып жасады, оларды сіз белгілі бір жеке чаттарға қолдана аласыз. Жаңа кейіптердің әрқайсысында түрлі-түсті градиентті хат бауырсақтары, әдемі анимациялы фон және бірегей фон үлгілері бар.

Сіз де, чаттасыңыз да екі жаққа да арналған кейіпті таңдай аласыз және көзілдірігіңізді таба алмасаңыз да, кез келген әңгімені оңай тануға болады. Осылайша әріптестеріңізбен және отбасыңызбен сөйлесу үшін әртүрлі кейіптерді орната аласыз, сондықтан байқаусызда осы бейнені бастығыңызға қайта жібермейсіз.

Android-та чат үшін кейіпті орнату үшін ⋮ → Фон түсі батырмасын басыңыз. iOS-та Чат бейіні → ⋯ → Фон түсі батырмасын басыңыз. Чаттасыңыз Telegram-ның соңғы нұсқасын қолданса, кейіпті көреді.

Әр тақырыптың күндізгі және түнгі нұсқалары бар және ол қолданбаңыздың түнгі режімінің баптауына бағынады, оны күні бойы қараңғы қалдырсаңыз да немесе чаттарыңыз күнге бағынатын болса да.

Бұл алғашқы 8 кейіп тек бастамасы ғана, дизайнерлеріміз қазірдің өзінде басқаларын қосу бойынша жұмыс істеп жатыр.

Интерактивті эмоджи

Біз анимациялық эмодзилерді жақсы көреміз, бірақ кейде тіпті үлкен қызыл жүректің соғуы да – бұл сіздің телефоныңызды әр соққыда дірілдетеді! – сезімдеріңізді білдіру үшін жай ғана жеткіліксіз.

Кішкене код, кішкене сурет және көптеген қара сиқыр арқылы біз нақты уақытта эмоция білдірудің жаңа жолын жасадық. Кез келген жеке чатқа жалғыз 🎆 🎉 🎈 👍 💩 немесе ❤️ жіберіңіз, содан кейін толық экранды әсерін іске қосу үшін анимациялы эмоджиді басыңыз.

Сіз де, чаттасыңыз да чатты ашық ұстасаңыз, анимациялар мен дірілдер құрылғыларыңызда бір мезгілде ойнайды, сондықтан алыста болсаңыз да, өзіңізді жақын сезінесіз.

Чаттасыңыз әсерлерді Telegram-ның соңғы нұсқасын қолданған жағдайда ғана көреді.

Суретшілеріміз қазірдің өзінде зынданға оралып, көбірек анимациялы эмоджилер үшін жаңа толық экранды әсерлерін әзірлеуде.

Шағын топтардағы оқу есептері

Чат тақырыптары да, интерактивті эмодзи де қазіргі уақытта тек жеке чаттарда жұмыс істейді. Бірақ бұл жаңартуда топтар үшін үлкен өзгеріс бар.

Топтық хаттар басқа бір мүше көрген бойда оқылған деп белгіленеді. Шағын топтарда енді сіз қай топ мүшелері оны оқығанын көру үшін жіберілген хатыңызды таңдай аласыз.

Қолданушылардың құпиялығын қорғау үшін топтардағы оқу туралы есептер хат жіберілгеннен кейін тек 7 күн сақталады. Telegram-ның жұмысы сіз көргеннің бәрін жазып отыру емес.

Эфир мен бейнечатты жазу

Telegram-да шектеусіз көрермен үшін тікелей эфир құра алатын миллиондаған бірлестіктер бар. Өмірде бір рет болатын концерт болсын, күнделікті алгебра сабағы болсын, енді әкімшілер эфирлер мен бейнечаттарды жазып алып, оларды тікелей нұсқасын жіберіп алғандарға жариялай алады.

Әкімшілер жазбаны бірден эфир немесе бейнечат мәзірінен бастай алады, бейне мен аудио немесе Тек аудио жазу нұсқаларымен. Бейне жазу үшін бағдарды таңдаңыз, Портрет немесе Ландшафт. Жазбаны аяқтағаннан кейін немесе жариялауды аяқтағаннан кейін файл Қоймаға тез арада жүктеледі.

Трансляция мәзірін ашып, жазуды бастау үшін ⋮ немесе ⋯ басыңыз. Жазу кезінде эфир атауының жанында қызыл нүкте пайда болады.

Бұл сізге келесі жаңартумен оралғанға дейін істейтін істеріңіздің жеткілікті болуына мүмкіндік береді. Әдеттегідей бұл бізге көп уақыт алмайды.


2021 жылы 19 қыркүйек
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

리치 텍스트 에디터, 커뮤니티, 그룹 내 휘발성 메시지, 3억 5천만 개의 GIF

텍스트를 서식화하고 생성할 수 있는 리치 텍스트 에디터, 여러 그룹, 채널, 봇을 연결하는 텔레그램 커뮤니티, 그룹 내에서의 휘발성인 봇 메시지, 3억 5천만 개 이상의 GIF 검색 등 다양한 기능이 새롭게 도입되었습니다.
14 шіл 2026

스마트워치 앱, 봇을 위한 리치 텍스트, 그룹을 위한 AI 가디언, 그리고 그 외에도 다양한 기능

오늘 업데이트로 텔레그램이 애플 워치와 안드로이드 스마트워치에서 사용 가능해졌으며, 봇을 위한 다양한 서식의 리치 텍스트, AI 관리자가 새로운 그룹 멤버를 심사하는 기능, 더 똑똑해진 투표, 브라우저 제어 등 다양한 기능이 추가되었습니다.
11 мау 2026

게스트 AI 봇, 봇 간 대화, 대화 자동화, 맞춤형 AI 스타일, 1억 개 이상의 이모지 및 스티커 검색 등 다양한 기능

텔레그램은 사용자가 어떤 대화에서도 AI 서비스를 이용할 수 있는 방법, 봇으로 받은편지함을 자동화하는 기능, AI 텍스트 에디터에서 맞춤 스타일을 만드는 기능, 설문조사에 한도를 설정하고 통계를 볼 수 있는 기능 등 10가지 이상의 새로운…
7 мам 2026

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026